«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шабыттың шексіз әлемі» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары
18-03-2026 16:49
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шабыттың шексіз әлемі» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары

       2026 жылдың 17 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастрыумен  №12 жалпы білім беретін мектебінде  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Шабыт» жобасы аясында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. «Шабыттың шексіз әлемі» деп аталатын бұл шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында адалдық, азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана, патриотизм және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

      Семинар бағдарламасы шығармашылық алаңдар, қауіпсіздік сағаты және мәдени бөлім сияқты негізгі блоктарды қамтыды. Қатысушылар үшін «Ұлттық мәдениет» көрмесі, «Даналық мектебі» ата-аналар алаңы, сонымен қатар жасанды интеллект және киімге сурет басу технологиялары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттары аясында «Қауіпсіз қоғам» тақырыбы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Іс-шара соңында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған айтыс және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.Семинар  қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен білім бері үйымдарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.