Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмысқа «Био-молекула» облыстық байқауы
19-03-2026 14:33
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмысқа «Био-молекула» облыстық байқауы

      2026 жылдың 18 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмыстардың «Био-молекула» облыстық байқауын ұйымдастырып, өткізді.

      Байқаудың мақсаты - биологиялық және экологиялық білім беруді өзектендіру, сондай-ақ оқу процесіне цифрлық және зияткерлік құралдарды интеграциялау контекстінде Қарағанды облысы колледж педагогтерінің шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту. 

     Педагогтер модель түріндегі жұмыстарды – білім беру процесінде қолданылатын, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу ақпараты мен оқытушы қызметінің құралы ретінде оқытушының жетекшілігімен студенттер құрған нақты биологиялық заттардың азды-көпті дәл көшірмелерін ұсынды.

     Байқауға Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 14 педагогы қатысты.

     Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Егурцева Наталья Валериевна, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын - Есенбаева Гульнар Сагинбековна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;

3 орын - Канафия Камила Ерболатовна, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ оқытушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!