2026 жылғы 17-18 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Электр-механикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша «Мамандығы бойынша үздік» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты — жұмысшы біліктіліктерін насихаттау және таланттарды анықтау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі мамандықтарының беделін көрсету арқылы кадрлар даярлау сапасын арттыру.
Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Конкурсқа екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Өтінімдерге сәйкес оған үш колледжден 8 студент қатысты: Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Саран техникалық колледжі және Шахтинск технологиялық колледжі.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы критерийлер бойынша бағалады. Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-орын — Кирьяк Дмитрий Владимирович
Жетекшісі: Жанбырбаев Бекзат Аманкелдіұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
1-орын — Шмидт Дэвид Юрьевич
Жетекшісі: Садықова Гүлнар Нарманқызы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
2-орын — Сингарай Максим Сергеевич
Жетекшісі: Салихов Наиль Халимович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
2-орын — Сафаров Руслан Вячеславович
Жетекшісі: Назипова Розида Равхатқызы, «Саран техникалық колледжі» КМҚК.
Жеңімпаздар дипломдармен, ал қатысушылар Оқу-әдістемелік орталықтың сертификаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, конкурс аясында «Жұмысшы кадрларды даярлау: колледждер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар диалогы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Әлеуметтік серіктестермен бірге кәмелетке толмаған студенттердің практикадан өту мәселелері, білім беру мен өндіріс серіктестігінің тетіктері, тау-кен мамандықтарының студенттері үшін танысу экскурсияларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері И. П. Шленская қорытынды жасап, ұсынымдар берді.
Іс-шараға облыс колледждерінің «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша 15 педагогі қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




