«Теміржол көлігінде тасымалдау процесін басқару» бағыты бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі
19-03-2026 16:07
«Теміржол көлігінде тасымалдау процесін басқару» бағыты бойынша өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі

       2026 жылғы 18 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды теміржол колледжімен бірлесіп, «Теміржол көлігінде тасымалдау процесін басқару» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңін өткізді.

      Байқаудың мақсаты- «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберліктерін көрсету және жетілдіру.

      Байқау тапсырмасы төрт модульден тұрды, онда қатысушылардың әрқайсысы өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.

      Барлық жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 - орын– Тилеубекова Агайша Серикбаевна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 -  орын– Какенова Гульзия Сагадибековна, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚКарнайы пәндер  оқытушысы;

3 - орын– Мякушко Юлия Сергеевна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер  оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Өңірлік кезеңде 1 орын алған катысушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Теміржол көлігі» мамандығы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға құқылы.