«Кедергісіз мектеп» кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша облыстық семинар
27-03-2026 15:50
«Кедергісіз мектеп» кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша облыстық семинар

      2026 жылғы 26 наурызда Көктемгі мектеп жұмысы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша «Тең мүмкіндіктер мектебі» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

         Семинардың негізгі мақсаты — құқықбұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай тәсілдерді енгізу, тиімді тәжірибелермен алмасу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

         Семинар жұмысына білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері қатысты, жалпы қамту 960 адамды құрады.

         Семинар бағдарламасы қауіпсіздік пен тәрбиелеудің өзекті мәселелерінің кең ауқымын қамтыды: 2026 жылға арналған білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың басым бағыттары айқындалды; Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі К.А. Корниенко нашақорлықтың құқықтық аспектілері мен әлеуметтік тәуекелдерін түсіндіріп өтті; қатысушылар мектептердің буллингпен жұмыс істеу кезіндегі тән қателіктерінің кейстерін талдап, оның алдын алу жолдары мен «Адал Азамат» бағдарламасы контекстінде қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелерін талқылады; мектеп, отбасы және бала арасындағы серіктестікке, сондай-ақ заманауи ата-аналар жиналыстарының тақырыптарына ерекше назар аударылды.

      Алынған ұсынымдар әрбір бала үшін қауіпсіз және қолдау көрсететін білім беру ортасын құру бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді