АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ: ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН
27-03-2026 17:17
АВТОРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ: ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН
      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Келешек мектептерінің маусымдық академиясы: Көктемгі мектеп» жобасы аясында 2026 жылғы 27 наурыз күні №28 жалпы орта білім беретін мектеп базасында педагогтерге арналған маңызды кәсіби оқыту семинарын ұйымдастырды.
 
      «Авторлық материалдарды дайындау: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбындағы бұл қалалық семинардың негізгі мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне авторлық оқу материалдарын әзірлеудің маңызын түсіндіру, оны дайындаудың жүйелі кезеңдерімен таныстыру және педагогтердің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, сапалы авторлық өнім құрастыру дағдыларын дамыту болды.
 
Семинар екі негізгі бөлімнен тұрды:
       Бірінші бөлімде қатысушылар «Авторлық материалдар: түрлері, құрылымы, бекіту тәртібі» тақырыбы аясында теориялық білімдерін толықтырып, авторлық өнімді әзірлеудің нормативтік және әдістемелік негіздерімен танысты.
 
      Екінші бөлімде «Авторлық материалдар: қалай жасау керек?» тақырыбында практикалық жұмыс ұйымдастырылып, педагогтер теориялық білімді нақты тәжірибемен ұштастырып, өз идеяларын оқу-әдістемелік өнім деңгейіне жеткізу жолдарын қарастырды.
           Бұл мазмұнды семинар Қарағанды қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинеті жанынан құрылған тарих пәндері мұғалімдерінің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылды.
 
       Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, авторлық идеяларды жүйелеуге және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды алаң болды. Семинарға жалпы 41 педагог қатысты.