2026 жылдың 27 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында алғашқы ұстаз, аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринның туғанына 185 жыл толуына орай «Өнегелі өмір» тақырыбындағы облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Мақсаты: «Адал азамат» бағдарламасы аясында Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасын зерделеу арқылы білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және мұғалім мамандығының мәртебесін насихаттау.
Конференция жұмысы 2 бағытта жүргізілді:
1.Ы.Алтынсарин шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар және олардың өзектілігі;
2.Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасы: идеялары мен ағартушылық қызметі, бүгінгі күнмен сабақтастығы.
Конференцияға «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық бейіндік сынып жобасы бойынша колледжге бекітілген мектептердің 9-сынып оқушылары, педагогикалық бағыттағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен ынтымақтастық туралы меморандум аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің филология және педагогика факультеті студенттері қатысты. Барлығы: 42 қатысушы.
Конференция барысында қатысушылар өз ғылыми жобаларын ұсынып, ағартушының еңбектері мен идеяларының бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңыздылығын атап өтті. Іс-шара жас ұрпақтың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды алаң болды.





umc-ro@umckrg.gov.kz






