Кәсіби бағдар беру іс жүзінде: Қарағанды облысы педагогтерінің тәжірибесі
31-03-2026 09:56
Кәсіби бағдар беру іс жүзінде: Қарағанды облысы педагогтерінің тәжірибесі

      2026 жылғы 30 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспары аясында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған «Оқу пәндері мен сабақтан тыс қызметті интеграциялау арқылы кәсіби бағдар беру ортасын құру» тақырыбында әдістемелік сағат өткізілді.

      Әдістемелік сағатқа Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарының педагогтері қатысты.

      Іс-шараның мақсаты: оқу пәндерінің мазмұны мен сыныптан тыс іс-әрекетті интеграциялау арқылы кәсіби бағдар беру ортасын құру бойынша тәжірибе алмасу.

      Әдістемелік сағат барысында Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің «Оқу пәндері мен сабақтан тыс іс-әрекет арқылы кәсіптік бағдар беру» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Баяндамашы ретінде директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Абиева Айгерим Жомартовна сөз сөйледі.

      Қарағанды қаласының «№3 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Исабекова Куралай Бахитовна қатысушыларды «Кәсіби бағдар – ертеңгі табыстың бастауы» бағдарламасын апробациялау нәтижелерімен таныстырды.

      Қарағанды қаласының «№11 негізгі орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Иманкулова Алина Жомартовна пән мазмұны мен сабақтан тыс жұмыс арқылы кәсіби бағдар беру ортасының моделін ұсынды.