2026 жылдың 26 наурызында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында Шахтинск қаласында облыс мектептерінің кітапханашыларына арналған «Мамандыққа кіріспе: бүгінгі кітапханашы» тақырыбындаоблыстық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты -кітапханашылардың кітапхана жұмысын ұйымдастырудағы практикалық дағдыларын қалыптастыру, заманауи кітапхана қызметінің негізгі бағыттарын меңгеру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Іс-шара барысында кітапханашылар мен пән мұғалімдері оқу процесінде кітапхана ресурстарын пайдалану, бірлескен жобалар мен тәсілдер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан барлығы 65 кітапханашы қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




