Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Үздік бейнесабақ» байқауы
31-03-2026 16:44
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Үздік бейнесабақ» байқауы

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың  20 наурызы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық “Үздік бейнесабақ” байқауы қорытындысы шығарылды. Аталған байқауға өңірлерден барлығы 34 өтінім келіп түсіп, ұстаздар өздерінің үздік педагогикалық тәжірибелері мен цифрлық мүмкіндіктерін кеңінен көрсете білді.

        Байқаудың басты мақсаты-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибелерді анықтау және тарату, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық ресурстарды тиімді қолдануды насихаттау, сондай-ақ сапалы бейнесабақтар қорын қалыптастыру.

        Байқау жұмыстары арнайы бекітілген критерийлер негізінде жан-жақты бағаланды. Қатысушылардың жұмыстары тақырыпқа сәйкестігі, сабақ мазмұнының ашылуы, сабақты өткізу сапасы, құндылыққа бағытталған тәсілдердің қолданылуы, материал мазмұны мен толықтығы, бейнесабақтың техникалық және көркемдік сапасы, өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық даралығы, сондай-ақ материалды болашақта қолдану мүмкіндігі және интернет ресурстарды тиімді пайдалану сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша сараланды.

Қазақ тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті (Т1) бойынша:

І орын

Хусаян Ризагүл,Шет ауданы  «Жарық тірек мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІ орын

Әбдірасілова Айдана,Абай ауданы  «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Тлегенова Толқын Искаковна,Қарағанды қаласы «№26 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІІ орын

Жархын Айгерім,Осакаров ауданы «№30 негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Достаева Гулшат Игликовна,Қарағанды қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Оспанова Айжан Умертаевна,Қарағанды қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) бойынша:

І орын

Кузембаева Мейрамгүл Қайыркеновна,Шахтинск қаласы «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІ орын

Мусатаева Салтанат Турсуновна,Қарағанды қаласы « №62 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Ибраева Баян Ондирахановна,Шахтинск қаласы  «Е.Бөкетов атындағы ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІІ орын

Темирбекова Жадыра,Саран қаласы  «№6 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Жунусов Қуаныш Мейрамович,Теміртау қаласы «№21 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Адресова Гульнар Тлеубаевна,Осакаров ауданы «№12 тірек мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!