2026 жылғы 30 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.
Конкурсқа өңірдің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 10 педагогі қатысты.
Іс-шараның мақсаты – педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының кәсіби мәртебесін арттыру, сондай-ақ қатысушылардың озық педагогикалық тәжірибесін таныстыру және насихаттау.
Конкурс бағдарламасы үш модульді қамтыды: «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба» және «Мультимедиялық технологиялар». Конкурстық кезеңдер барысында қатысушылар бейнероликтер ұсынып, әдістемелік жобаларын қорғады, сондай-ақ оқу сабақтарына арналған мультимедиялық материалдар әзірлеп, таныстырды. Тапсырмалар педагогтердің кәсіби әлеуетін ашуға, заманауи білім беру технологияларын көрсетуге және кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша:
1 орын – Тотаева Алия Талгатовна, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі;
2 орын – Жанкуатова Айгерим Бекайдаровна, «Қарағанды “Bolashaq” жоғары колледжі» ЖММ;
3 орын – Тоибекова Жанар Айткалиевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Педагогикалық мамандықтардың арнайы пәндері бойынша:
1 орын – Пеннер Александра Васильевна, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі;
2 орын – Бакижанова Жанар Мейрамбекқызы, «Қарағанды “Bolashaq” жоғары колледжі» ЖММ;
3 орын – Баярхуу Мира Байкеновна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Конкурстың өткізілуі тәжірибе алмасу, үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау және ТжКОБ жүйесінде мамандар даярлау сапасын арттыру үшін тиімді алаңға айналды





umc-ro@umckrg.gov.kz




