Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Ғасырлық тарих» облыстық зерттеу жобаларының байқауы
31-03-2026 17:04
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Ғасырлық тарих» облыстық зерттеу жобаларының байқауы

      2026 жылғы 27 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК-мен бірлесіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ғасырлық тарих» облыстық зерттеу жобаларының байқауын ұйымдастырып, өткізді.

      Байқаудың мақсаты таңдаған жұмысшы мамандығының қалыптасу кезеңдерін зерттеу, «еңбек адамдарының» жетістіктерін дәріптеу және білім беру мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайту арқылы студенттердің кәсіби бірегейлігі мен құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.

     Байқауға Қарағанды облысы колледждерінің техникалық мамандықтары бойынша білім алатын 24 студент қатысты.

     Байқауға қатысу үшін «Еңбек әулеті», «Ғибратты ғұмыр» (саланың озық қызметкерлерінің жұмысы мен өмірі туралы), «Сала ардагерлері (тәлімгерлері)», «Отбасымның ісін жалғастырамын», «Саланың даму тарихы», «Қызықты мұрағаттар» бағыттары бойынша жобалар ұсынылды.

     Қазылар алқасының мүшелері ең қызықты жобаларды және келесі студенттердің жақсы қорғау деңгейін атап өтті:

1 бағыт «Салалық әулеттер»:

1-орын - Сағандық Ақбота, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенті;

2-орын - Феклистов Артём, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3-орын - Қайрат Нұрсерік, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенті.

2 бағыт «Ғибратты ғұмыр»:

1-орын - Оразалин Мадияр, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2-орын - Кентай Ақнұр, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті.

3 бағыт «Сала ардагерлері»:

1-орын - Чудова Анастасия, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2-орын - Жарылғасын Ерасыл, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенті.

4 бағыт «Отбасымның ісін жалғастырамын»:

1-орын - Маковецкий Данил, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2-орын - Қанат Диас, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»  КЕАҚ  Инновациялық технологиялар колледжінің студенті;

3-орын - Хумыкей Қанағат, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.

5 бағыт «Саланың даму тарихы»:

 

1-орын - Уткин Антон, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенті;

2-орын - Адбеков Ердос, «А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3-орын - Өмірбек Ақжол, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ студенті.

6-бағыт «Қызықты мұрағаттар»:

1-орын - Цмыкал Яна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК студенті;

2-орын - Мухамеджанов Амирлан, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенті;

3-орын -Грашина Анастасия, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.

Жеңімпаздарға ескерткіш медальдар мен дипломдар, ал қалған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.