«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII республикалық конкурсының облыстық кезеңі
02-04-2026 12:07
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»  жас педагогтердің VIII республикалық конкурсының облыстық кезеңі

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

      Конкурс талантты жас педагогтерді анықтау, қолдау және ынталандыру, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді.

  • Конкурс үш кезеңнен тұрды:
  • Бірінші тур– Өзін-өзі таныстыру – «Шығармашылық жолдың бастамасы;
  • Екінші тур – «Заманауи сабақ»;
  • Үшінші тур– «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзегеасырудағы педагогикалық тәжірибе».

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • 1-орын – Серік Манас Базарбекұлы, Ақтоғай ауданының «Қошқар тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ тарих пәні мұғалімі.
  • 2-орын – Қалықберген Еркебұлан Нұрланұлы, Қарқаралы ауданының «Ә. Ермеков атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі.
  • 3-орын – Серикбек Бергенжан, Осакаров ауданының «Ә. Бөкейханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ математика пәні мұғалімі.

Конкурсқа қатысқан барлық педагогтерге қатысушы сертификаттары беріледі.

Жеңімпаздарды «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII республикалық конкурсының облыстық кезеңіндегі табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!