Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық көктемгі мектеп өткізілді
02-04-2026 12:37
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық көктемгі мектеп өткізілді

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 26 наурызда «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқырмандар сауаттылығын дамыту» тақырыбында көктемгі мектеп өткізді.

Көктемгі мектептің жұмысы барысында келесі тақырыптар қаралды:

     «Оқырмандар сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде» - Цой Ксения Петровна, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

      «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқырмандар сауаттылығын қалыптастыру техникасы мен тәжірибесі» - Левкович Людмила Николаевна, «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Балқаш қаласы.

      «5-сыныпта орыс тілі сабақтарында «Астрономия: жұлдыздар мен шоқжұлдыздар» бөлімі бойынша мәтіндермен жұмыс жасау негізінде оқырмандар сауаттылығын дамыту» - Дюсембекова Ботакоз Космановна, «№ 50 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды қ.

     Шет ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульдарья Айкеновна Тусупова «6-сыныпта орыс тілі сабақтарында «Ыстық және суық: экстремалды ауа райы» бөлімі бойынша мәтіндермен жұмыс негізінде оқырмандар сауаттылығын дамыту»

      «7-сыныпта орыс тілі сабақтарында «Жеңіс күні» бөлімі бойынша мәтіндермен жұмыс жасау негізінде оқырмандар сауаттылығын дамыту» - Ковтунова Ирина Сергеевна, «№ 7 мектеп-интернаты» КММ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Саран қ.

      «8-сыныпта орыс тілі сабақтарында «Музыка қазіргі заманғы әлемде» бөлімі бойынша мәтіндермен жұмыс жасау негізінде оқырмандар сауаттылығын дамыту» - Григорьевская Альбина Альбертовна, «№ 16 НОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды қ.

     Кездесуді Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна және Теміртау қаласындағы «№ 6 НОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елисеева Елена Владимировна модерациялады.