«Ауыл мектебі - сапа алаңы» жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысының ауылдық өңірлеріндегі орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған семинар өтті
02-04-2026 13:01
«Ауыл мектебі - сапа алаңы» жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысының ауылдық өңірлеріндегі орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған семинар өтті

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 12 наурызда ауылдық өңірлердегі орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі - сапа алаңы» жобасы аясында «Ауыл мектептерінің білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.

      Семинарды ҚО ББД ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна ашып, «NotebookLM» платформасының оқытуды жекелендіру және білім сапасын арттыру құралы ретіндегі мүмкіндіктеріне шолу жасады. Кездесу барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:

      Қарағанды қаласындағы «№45 гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагуль Сагиевна Шахметова, педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту бағыттары мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін атап өтті.

      Теміртау қаласындағы «№6 ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Светлана Анатольевна Поливка нейрожелілердің сапалы дидактикалық материалдарды автоматты түрде құру арқылы мұғалім уақытын үнемдейтінін көрсетті.

      Қарқаралы ауданы, Татан ауылы «№23 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Бизаковна Ахметова тапсырмаларды тексеруді автоматтандыру тәжірибесімен бөлісті, бұл әсіресе ауыл мұғалімдерінің жүктемесін азайтуда өзекті.

      Теміртау қаласындағы «№24 ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Светлана Валерьевна Гусаревич оқу ойындарын құру әдістемесін таныстырып, оқу үдерісін қызықты әрі тиімді ету жолдарын көрсетті.

      Қарағанды облысындағы «Ә.Молдағұлова атындағы ОМЛИ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айтолқын Сөртібайқызы Аязбай «Magic School», «Suno AI», «Renderforest», «Curipod» құралдарының мүмкіндіктерін таныстырды.

     Бұқар жырау ауданындағы «Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ мұғалімі Динара Ерғалиевна Алькулова  жасанды интеллект көмегімен орыс тілі сабақтарында оқытуды жекелендіру ерекшеліктерін ашып көрсетті.

     Қарағанды облысындағы «Мұрагер» мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Абрашкина Мария Игоревна тайм-менеджмент мәселелеріне тоқталып, басымдықтарды дұрыс қою мен рутиналық тапсырмаларды автоматтандыру жолдарын қарастырды.

     Бұқар жырау ауданы Самарқанд ауылындағы «Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанерке Саматовна Чалкенова жасанды интеллект технологияларын күнделікті оқу үдерісіне енгізу тәжірибесімен бөлісті.