«SabiDamu виртуалды балабақшасы: бірыңғай цифрлық платформадағы балабақша өмірінің толық циклі»
02-04-2026 13:11
«SabiDamu виртуалды балабақшасы: бірыңғай цифрлық платформадағы балабақша өмірінің толық циклі»

      2026 жылғы 30–31 наурызда Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Өрлеу» ИТО ЖШС-мен бірлесіп, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың директорларына арналған «SabiDamu виртуалды балабақшасы: бірыңғай цифрлық платформадағы балабақша өмірінің толық циклі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

      Семинардың мақсаты: педагогтардың платформаның цифрлық құралдарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру: контингентті басқару, мониторинг жүргізу, деректерді талдау және білім беру қызметін жоспарлау (перспективалық жоспарлар мен циклограммалар).

Платформаның негізгі шешімдері:

  1. Ерте диагностикалаужәне даму мониторингі: баланың даму деңгейін ерте кезеңде анықтау.
  2. Педагогтар мен ата-аналарды қолдау: мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) онлайн кеңес алу және сараптамалық материалдарға қол жеткізу, бұл педагогтар мен ата-аналарға білім беру процесін жедел түзетуге мүмкіндік береді.
  3. Дараландыру және аналитика: ЖИ көмегімен нәтижелерді талдау, жеке ұсыныстар мен даму карталарын қалыптастыру.
  4. Деректерді басқару және есеп: білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын орталықтандырылған басқару, аналитикаға жедел қол жеткізу, жұмыс сапасын бақылау.
  5. Практикалық тиімділік: мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін автоматтандыру, қағаз құжат айналымын қысқарту, деректерді жинау мен талдауға кететін уақытты азайту, білім беру процесінің ашықтығын арттыру және әр балаға жекелендірілген тәсілді қамтамасыз ету.