26–27 наурыз күндері Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп базасында «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті.
Ауқымды білім беру іс-шарасын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Семинар барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар оқушылардың бойында сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және ынтымақтастық («4К») дағдыларын дамытудағы тілдік білім берудің рөлін егжей-тегжейлі талқылады. Бұл іс-шара озық тәжірибе мен авторлық әдістемелік материалдармен алмасуға арналған бірегей алаңға айналды.
Бағдарламаның маңызды бөлігі — «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы болды. Орыс және ағылшын тілі мұғалімдерінен құралған делегация өз біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді:





umc-ro@umckrg.gov.kz




