«Идея. Бірлік. Әрекет» республикалық педагогикалық хакатоны
02-04-2026 16:54
«Идея. Бірлік. Әрекет» республикалық педагогикалық хакатоны

      2026 жылдың 31 наурызында өткен «Идея. Бірлік. Әрекет.» республикалық педагогикалық хакатоны Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

      Еліміздің 9 өңірінен Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 35 команда өтінім беріп, іріктеу нәтижесінде 16 команда финалға жолдама алды. Ақтық кезеңде қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тың идея ұсынып, өнімдерін қорғады.

      Хакатон аясында ұйымдастырылған “Қыз Жібек” мюзикліне 140-қа жуық ата-ана, оқушы және педагог қатысып, мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті. Бұл бастама қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, soft skills дамытуға серпін берді.

     Хакатон барысында 16 командаға тәжірибелі 16 ментор бағыт-бағдар беріп, өнімдердің мазмұнды дамуына қолдау көрсетті. Ал еліміздің әр өңірінен келген сарапшылар ұсынылған идеяларға кәсіби баға беріп, қатысушылардың ізденісіне серпін қосты.

     Нәтижесінде 16 команданың 7-еуі жүлделі орындарға ие болып, 9 команда арнайы номинациялармен марапатталды.

  • І орын – «Action Vibe KRG», Қарағанды облысы
  • ІІ орын – «OZYQ», Маңғыстау облысы, «Өзгеріс Lab» Жамбыл облысы,
  • ІІІ орын – «Тор 5» Қарағанды облысы, «Idea Lab» Түркістан облысы, «Ұлағат Team» Ақмола облысы, «5Д» Абай облысы

     Республикалық деңгейдегі хакатонның табысты өтуіне бас демеуші Мұхамеджан Нұрболат, сондай-ақ FM ONLINE білім беру орталығының негізін қалаушы, Vogue мейрамханасының директоры Данияр Калимбетов және TALIMpro, EDUCON, STEM Academia компаниялары қолдау көрсетті.

     Хакатон идея мен бірліктің, әрекет пен нәтижесінің айқын көрінісі. Бүгінгі тәжірибе – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы.