Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Теміртау қаласының Балалар технопаркі базасында облыстық тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды. Шара «Адал азамат» біртұтастәрбие бағдарламасы шеңберінде «Smart Bala» жобасын ілгерілетуге бағытталды.
Бұл іс-шара өңірдегі педагогтердің кәсіби әлеуетін біріктіріп, озық инновациялық технологияларды білім беру саласына енгізудің тиімді алаңына айналды. Семинар барысында техникалық шығармашылық пен ІТ-бағыттарды дамытудың жаңа тәсілдері қарастырылды.
Семинардың басты бағыттары:
Тәжірибе алаңы:Теміртаулық педагогтер бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу бағыттары бойынша өздерінің үздік әдістемелік кейстерін ұсынды.
Цифрлық дағдылар:Білім алушылардың ІТ-құзыреттіліктерін арттыру және олардың дербес интерактивті жобаларын әзірлеуді қолдау жолдары көрсетілді.
Кәсіби даму:Облыс педагогтері өзара пікір алмасып, заманауи оқыту құралдарын оқу үрдісіне енгізудің тиімді тетіктерін талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға беріп, өңірлер арасындағы әдістемелік байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.





umc-ro@umckrg.gov.kz





