«Химия арқылы ойлау: функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында тәжірибе алмасу бойынша мастер-класс
08-04-2026 15:59
«Химия арқылы ойлау: функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында тәжірибе алмасу бойынша мастер-класс

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 1 сәуір күні «Зейін» жобасыаясында «Химия арқылы ойлау: функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында шебер сыныпөткізді.

      Шебер – сынып  барысында қатысушылар деректерді талдау және химиялық білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыру әдістерін талқылады. «Химия сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмаларының қолданылуы» тақырыбы бойынша мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен Саран қаласының «№7 өнер мектебінің » КММ химия пәні мұғалімі Разах Айжанбөлісті. Сондай-ақ Саран қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі Рымарь Анжелика Леонидовна«МОДО-ға дайындық және химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбын оқытудағы тиімді практикалық әдіс-тәсілдерді таныстырды.

Іс-шараға барлығы 80 педагог қатысты.