Жаңашылдық пен ізденіс: табысты тұлғаның қос қанаты
08-04-2026 16:11
Жаңашылдық пен ізденіс: табысты тұлғаның қос қанаты

       2026 жылдың 08 сәуірінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің  «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ  базасында  «Жаңашылдық пен ізденіс: табысты тұлғаның қос қанаты» атты облыстық семинар өткізілді.

      Семинар қатысушылары  «Мақсатқа жеткен сәттер»  атты көрмені тамашалады. Көрмеге мұғалімдердің авторлық бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, оқушылар мен мұғалімдердің жеткен жетістіктері туралы кубок, диплом, мадақтамалары қойылды.         

       «Жетекші мектеп тәжірибесінде құндылыққа негізделген білім беру» тақырыбындағы семинардың  І бөлімінде мұғалімдер понарамалық ашық сабақтар көрсетті.  

      «Тиімді сабақ – сапалы білімнің негізі: педагогтерге арналған шеберлік сабақ» атты ІІ бөлімде түрлі тақырыптарда шеберлік сабақтар өткізіп, ЖИ-дің қыр-сырларымен таныстырды.

      “Адалдықтың тамыры отбасында, қанаты мектепте” тақырыбындағы семинардың  ІІІ бөлімінде  “Үштік одақ”, Q Talks жобасы бойынша жұмыстар, тәрбиелік шаралар, психологиялық тренинг өткізілді.

      Семинар педагогтердің тәжірибе алмасатын кәсіби пікірталас орны болды. Педагогикалық ізденіс пен жаңа тәсілдерді біріктіру — заманауи түлек даярлаудың негізгі кілті.