2026 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып білім алушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттардың мақсаты - білім алушыларға жаңарған Конституция – халық үнінің көрінісі екенін, білім алудың стратегиялық маңыздылығын және құқық пен міндетке адалдықтың «Адал азамат» қалыптастырудағы рөлін білім алушыларға терең ұғындыру. Тек қана аттестат иегерлерін емес, Отанын сүйетін, заңын сыйлайтын және білімімен әлемді бағындыратын парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Конституцияда айқындалған негізгі қағидаттар мен құндылықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы саясаты кеңінен түсіндірілді. Педагогтер түрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасу алаңын қалыптастырды.
Іс-шара қорытындысында білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызын тереңірек түсінгендерін атап өтті. Мұндай мазмұнды тәрбиелік шаралар жастардың саналы, жауапты әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасуына негіз болады.





umc-ro@umckrg.gov.kz





