2016 жылдың 18 мамырында Теміртау политехникалық колледжінде «Оқу орталығы кәсіби мамандар даярлаудағы инновациялық модель ретінде» тақырыбында республикалық семинар-жиналыс өтті
18-05-2016 11:41
2016 жылдың 18 мамырында Теміртау политехникалық колледжінде «Оқу орталығы кәсіби мамандар даярлаудағы инновациялық модель ретінде» тақырыбында республикалық семинар-жиналыс өтті

2016 жылдың 18 мамырында Теміртау политехникалық колледжінде «Оқу орталығы – кәсіби мамандар даярлаудағы инновациялық модель» тақырыбында республикалық семинар-жиналыс өтті, сонымен қатар аталған іс-шара барысында колледждің оқу орталығы ашылып, салтанатты түрде лентасы қиылды.

Елбасының «5 институционалды реформа Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»» реформасын жүзеге асыруға сәйкес, біздің қоғамымыздың кілті модернизацияға негізделген, «Индустрилизация және экономикалық өсім» деп аталатын 77 қадамда «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен 10 жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу» керектігі жайлы айтылған. Теміртау политехникалық колледжі Республиканың 10 алдыңғы қатарлы колледждерінің бірі.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің өкілдері, қала әкімі, Білім басқармасының және Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының, техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» өкілдері мен колледж директорлары және Германия кәсіби білім беру саласының өкілі Деккер мырза қатысты.

Семинар аясында ынтымақтастықта, бірлестікте жұмыс істеу үшін «Evonik» неміс өндірістік компаниясымен, «Теміртау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен», «Теміртау қаласы кәсіпкерлікті қолдау орталығымен» келісімшарттар жасалып, меморандумдарға қол қойылды.