Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бейнесабақтар байқауының қорытындысын шығарды. Байқау география мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға 13 география мұғалімдері қатысты. Мұғалімдерге оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша онлайн оқыту сабағын дайындау қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың сабақтың жарияланған тақырыбына сәйкестігі; сабақтың тақырыбын ашудың толықтығы, мұғалімнің сабақ мақсаттарына жетуі; оқытудың белсенді әдістері-тәсілдерін қолдану; инновациялық технологияларды пайдалану; түсіру сапасы мен рәсімделуі; өзіндік ерекшелігі; шығармашылық даралықтың көрінісі; материалды кеңінен қолдану мүмкіндігі.
Келесі мұғалімдер байқаудың жеңімпаздары атанды:
I орын- Ақышев Руслан Жұмаханұлы, Шет ауданының «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі
II орын- Шулакова Алена Андреевна, Шахтинск қаласының «Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі
II орын- Сәдуова Ақерке Қайратқызы, Шахтинск қаласының «А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі
III орын- Мусахан Рыскүл Мырзаханқызы, Приозерск қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі
III орын- Ынтзарбек Мернат Маратұлы, Қарағанды қаласының «№1 гимназиясы» КММ география пәнінің мұғалімі
III орын- Гульмамедова Индира Зыкрияновна, Нұра ауданының «Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (ОО)» КММ география пәнінің мұғалімі
Байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар табысталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz

