«Digital Қазақ елі: Білім. Бірлік. Болашақ» Педагогикалық хакатон сайысы
10-04-2026 17:19
«Digital Қазақ елі: Білім. Бірлік. Болашақ» Педагогикалық хакатон  сайысы

      2026 жылдың 9 сәуіркүні«Digital Қазақ елі: Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбындаПедагогикалықхакатон  сайысыөтті. Сайыс Бұқар жырау ауданы Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық) және тірек мектебіне бекітілген «Заречный ЖББМ», «Амангелді ЖББМ», «Ақжар НОМ», «С.Т.Елгезек атындағы НОМ» шағын жинақты мектептердің педагогтері арасында ұйымдастырылды. Білім саласын өзгертуге ниетті, жаңашыл ұстаздардардың «Stop Bullyhg Team», «Нейролидеры», «EdyVision-Біліммен Болашаққа», «ADAL USTAZ» «QADAM», «Oylan Team», «SMART USTAZ »,   «E2»    8 командасы сайысқа түсті.

Қатысушылар білім беру саласындағы ең өзекті мәселелерді заманауи, креативті және инновациялық жолмен шешу идеяларын ұсынды.

            Іс-шараға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Толеубаева Г.А., Бұқар жырау ауданы кәсіподақ ұйымынан Хамитова Э.К., Сарытөбе НОМ, С.Мұқанов атындағы ЖББМ, Қушоқы ЖББМ мектептердің директорлары Ахатаева Г.Б. Бөпежанова Э.К., Берикова А.Б. қазылық жасады. Ұсынылған ерекше идеялар мен тиімді шешімдер әділқазылар алқасы тарапынан сарапталып, сайыс жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде-  «ADAL USTAZ»  командасы.

I   орын- «EdyVision-Біліммен Болашаққа» командасы.

II  орын- «QADAM» командасы.

II  орын- «SMART USTAZ» командасы.

III орын- «Stop Bullyhg Team» командасы.

III орын- «Oylan Team» командасы.

III орын- «E2»    командасы.

            Сонымен бірге «Нейролидеры», «Stop Bullyhg Team» командаларының менторлары ерекше аталып өтілді, барлық қатысушыларға марапаттаулар  мен естелік сыйлықтар табысталды.

ПедХакатон – білім саласына жаңа серпін беретін орта. Ұсынылған идеялар келешекте үлкен жобалардың бастауы болатынына сенімдіміз. Барлық әріптестерімізге шығармашылық табыс, талмайтын шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!