2026 жылғы 10 сәуірде Теміртауда «Желілік және ведомствоаралық ынтымақтастық негізінде инклюзивті ортаны дамыту» атты облыстық семинар өтті. Іс-шараға білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директор орынбасарлары, арнайы педагогтар және педагог-ассистенттер қатысты.
Семинар аясында «Ақтілек» бөбекжай-бақшасы, №11 жалпы білім беретін мектеп, №8 арнайы мектеп-интернаты және «Әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты жетілдіруге бағытталған мазмұнды шеберлік сыныптар, педагогикалық шеберханалар және практикалық тәжірибе таныстырылымдары ұсынылды.
Кәсіби диалог барысында қатысушылар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелерін, білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, ұсынылған тәжірибенің өзектілігі және оның педагогтердің одан әрі кәсіби қызметі үшін практикалық маңызы атап өтілді.





umc-ro@umckrg.gov.kz









