2026 жылғы 13 сәуірде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Үздік тәлімгер – 2026» облыстық кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңі өтті.
Әділ қазылар алқасының қарауына облыстың білім беру ұйымдарынан 16 өтінім түсті. Сараптау барысында қатысушылардың әдістемелік портфолиосы, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қосқан үлесі және тәлімгерлік қызметінің нәтижелілігі жіті тексерілді.
Әділ қазылар алқасының сараптамалық бағалауы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие болған және жұмысқа инновациялық тәсіл танытқан 9 қатысушы конкурстың финалдық кезеңіне (үшінші турға) жолдама алды.
Финалға өткен конкурсанттарды құттықтаймыз! «Үздік тәлімгер-2026» атағы үшін өтетін шешуші сында баршаңызға сәттілік тілейміз!





umc-ro@umckrg.gov.kz




