«ТАРИХ СЕРПІНІ» жобасын іске асыру негізінде нетворкинг
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-
әдістемелік орталығы 2026 жылғы 16 сәуірде педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін арттыру мақсатында «Тарих серпіні» жобасын іске
асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде
нетворкинг өткізді.
Теміртау қаласының педагогтары білім алушылар үшін
қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін
ұсынды.
Нетворкинг барысында Теміртау қаласының жетекші тарих мұғалімдері:Сергей Леонидович Ладынский «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Любовь Васильевна Епифанцева «Қыздар гимназиясы» КММ және Галина Васильевна Дементьева «№1 гимназия» КММ 9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы бойынша «қиындық тудыратын» тақырыптардағы тапсырмаларды талдауға бағытталған оқушылармен жұмыс істеудің тиімді формаларын көрсетті. Шараға 100 адам қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz



