2026 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-лицейлерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты:
- Дарынды балалармен жұмыс істеудің психологиялық және әдістемелік ерекшеліктерін айқындау;
- Информатика пәні бойынша күрделі тақырыптарды (олимпиадалық есептер, жобалық қызмет) оқыту әдістемесін жетілдіру;
- Педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін іске асыруға жағдай жасау.
Кездесу барысында білім беру саласындағы ең өзекті мәселелер мен жаңа трендтер талқыланды:
Нормативтік-құқықтық негіз:«Цифрландыру және жасанды интеллект» бөлімінің меңгерушісі Ж.А. Сартаева Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі және Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталды.
Оқу бағдарламаларының жаңаруы:Бөлім әдіскері А.А. Какенбекова 1-4 сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» және 5-9 сыныптарға арналған «Информатика және жасанды интеллект» пәндерінің жаңартылған типтік оқу бағдарламаларын таныстырды.
STEM бағыты және жобалық қызмет: «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі К.Т. Исмаилов пен «Озат» мектеп-лицейінің мұғалімі С.Ж. Рымбай STEM жарыстарына оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарымен және өз тәжірибелерімен бөлісті.
ЖИ мұғалім көмекшісі ретінде: «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімдері Н.С. Смагулова мен Н.А. Сайлыбаева қазіргі мұғалімнің күнделікті кәсіби қызметінде жасанды интеллектті қолданудың практикалық мүмкіндіктерін көрсетті.
Қатысушылар жаңа оқу бағдарламаларының мазмұнымен танысып, олимпиадалық резервті дайындау және STEM жобаларын іске асыру бойынша құнды әдістемелік нұсқаулар алды





umc-ro@umckrg.gov.kz






