17 сәуір күні Бұқар жырау ауданындағы С. Торайғыров атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) базасында облыстық семинар өтті. Іс-шараға білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыс мектептерінің педагогтері қатысты.
Семинар барысында ауыл педагогтерінің инклюзивті білім беруді дамытудағы тәжірибесі таныстырылды. Шеберлік сыныптары мен ашық сабақтар аясында әрбір білім алушыны оқу үдерісіне тарту, қауіпсіз және қолдаушы орта құру, сондай-ақ жеке білім беру траекторияларын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсілдер ұсынылды.
Аудан мектептерінің директорлары Бөпежанова Э.К., Жетписбаев Е.Р. және Ахатаева Г.Б. «Шексіз білім» атты авторлық жобаны таныстырып, оның білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту мен педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – қазақстандық суретші және қоғам қайраткері Қәріпбек Күйіковпен өткен кездесу болды. Оның өмір жолы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, адам мүмкіндігінің шексіздігін айқын көрсеткен үлгі ретінде бағаланды.
Семинар инклюзивті білім беруді дамытуға арналған тәжірибе алмасу және заманауи тәсілдерді талқылау алаңына айналды.





umc-ro@umckrg.gov.kz









