Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бесінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Бесінші кезеңге 2 орыс тілі мен әдебиеті және 10 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Қатысушылар екі сынақтан өтті: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шығармаларды мәнерлеп жатқа оқыды және ұсынылған тақырыпқа импровизация дайындады.
Үздік нәтижелерді келесі педагогтер көрсетті:
1. Тахмина Хусеевна Лосы, Шахтинск қаласының «№ 4 ЖББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
2. Черникова Мария Викторовна, Шахтинск қаласының «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
3. Алипенкова Алина Евгеньевна, Қарағанды қаласының «№ 3 гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі.
Байқаудың келесі кезеңінде қатысушылар өз мектептерінде сынақтан өткен сабақтар сериясын ұсынады.
Құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz







