Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бесінші кезеңінің қорытындысы шығарылды
20-04-2026 18:01
Орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімдеріне арналған  «Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бесінші кезеңінің қорытындысы шығарылды

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімдеріне арналған  «Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бесінші кезеңінің қорытындысын шығарды.  Бесінші кезеңге 2 орыс тілі мен әдебиеті және 10 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Қатысушылар екі сынақтан өтті: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шығармаларды мәнерлеп жатқа оқыды және ұсынылған тақырыпқа импровизация дайындады.

Үздік нәтижелерді келесі педагогтер көрсетті:

1. Тахмина Хусеевна Лосы, Шахтинск қаласының «№ 4 ЖББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

2. Черникова Мария Викторовна, Шахтинск қаласының «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

3. Алипенкова Алина Евгеньевна,  Қарағанды қаласының «№ 3 гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

Байқаудың келесі кезеңінде қатысушылар өз мектептерінде сынақтан өткен сабақтар сериясын ұсынады.

Құттықтаймыз!