«ПРОЕКТОРИУМ» облыстық байқауы туристік-өлкетану бағыты
2026 жылдың 18 сәуірінде қосымша білім беру
педагогтерінің туристік-өлкетану бағыты бойынша
«Проекториум» облыстық байқауы өтті. Туристік-өлкетану
бағыты аясында педагогтер өздерінің кәсіби шеберліктері мен
практикалық дайындықтарын көрсетті.
Жарыс бағдарламасы
Қатысушылар туристік қызметтің негізгі аспектілерін
қамтитын бірқатар сынақтардан өтті:
«Жер-Әуе» белгілері: Қолжетімді құралдар арқылы апаттық
сигналдарды салу.
Алғашқы медициналық көмек: Таңғыш салу әдістерін («чепчик»,
аяқ-қол сынықтары) көрсету.
Туристік түйіндер: «Сегіздік», «қарсы», «тік», «австриялық
жолбасшы», «прусик» және «булинь» сияқты түйіндерді түю
және олардың қолданылу аясын түсіндіру.
От жағу түрлері: Оттың әртүрлі түрлерін («құдық», «тайгалық»,
«нодья», «күрке», «жұлдызды») жинау және олардың мақсатын
білу.
Бағдарлау: Магниттік азимутты анықтау және топографиялық
белгілерді білу.
Шатыр құру: Ескі үлгідегі («үйшік») және заманауи шатырларды
жылдам жинау және орнату дағдылары.
Жабдықтар: Жорыққа қажетті заттар мен керек-жарақтарды
дұрыс таңдау.
Туристік-өлкетану бағыты бойынша өткен облыстық
«ПРОЕКТОРИУМ» байқауына 5 өтінім түсті. Байқауға 20 педагог
қатысты.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
I орын – Павлова Рита Николаевна, Оспанов Аргын Каирбекович,
Корчевная Татьяна Павловна, Григорьева Ольга Петровна, «№30
ЖББМ» КММ – Қарағанды қ.
II орын – Закиров Ильшат Закиевич, Еркен Абай Қайратұлы,
Филатов Иван Иванович, Чернова Алена Сергеевна, «Достық үйі»
балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КГКП –
Саран қ.
III орын – Қайрат Ақбота Амангелдіқызы, Мақашев Ардақ
Қажымұқанұлы, Ғазиз Жандос Гарнизұлы, Сейсембекова Арайлым
Талғатқызы, «Қосымша білім беру орталығы» КГКП – Шет ауданы,
Ақадыр кенті.
Байқаудың қатысушыларына сертификаттар табысталады.





umc-ro@umckrg.gov.kz

