«ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» Х облыстық байқауының V кезеңі
18-04-2026 18:12
«ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» Х облыстық  байқауының V кезеңі
2026 жылдың 18 сәуірінде балалар музыка мектептері, балалар өнер
мектептері, қосымша білім берудің көпбейінді ұйымдары, музыкалық және
хореографиялық колледж бөлімдері педагогтерінің арасында «Шабыт
шаттығы» Х облыстық орындаушылық шеберлік конкурсының V кезеңі өтті.
Байқау «Жеке орындаушылар» (аспаптық орындау: фортепиано,
гитара, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, үрмелі, ішекті,
ұрмалы аспаптар және т.б.) номинациясы бойынша өтті. Байқауға Абай,
Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарының, сондай-ақ Қарағанды,
Теміртау қалаларының және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер
колледжінің оқытушылары қатысты.
Жас санаттары:
1-санат: 35 жасқа дейін;
2-санат: 35 жастан жоғары.
I жас ерекшелік санатында 5 қатысушы, II санатта – 7 қатысушы бақ
сынады. «Концертмейстерлік шеберлік» номинациясы бойынша 6
концертмейстер, ал «Колледж және МММИ педагогы» номинациясында 4
қатысушы өнер көрсетті.
Әр номинация мен жас тобы бойынша қазылар алқасы Бас Жүлде
иегерлерін және I, II, III дәрежелі лауреаттарды анықтады.
Байқаудың V кезеңі жеңімпаздарын құттықтаймыз:
«Жеке орындаушылар» номинациясы:
I жас ерекшелік санаты:
I орын – Балташ Томирис Жанатқызы (Қарағанды қ. «№1 Балалар өнер
мектебі» КМҚК, ЮНЕСКО клубы).
II орын – Каппасов Жалил Аманбаевич (Абай ауданы, «Дубовка
ауылының балалар өнер мектебі» КМҚК, ЮНЕСКО клубы).
III орын – Шамеева Карина Болатовна (Қарағанды қ. «№1 Балалар өнер
мектебі» КМҚК, ЮНЕСКО клубы).
II жас ерекшелік санаты:
I орын – Сакенов Куат Болатович (Қарқаралы ауданы, «Балалар өнер
мектебі» КМҚК).
II орын – Ручьевская Светлана Анатольевна (Қарағанды қ. «№3 Балалар
өнер мектебі» КМҚК).
 
III орын – Шабалова Ольга Викторовна (Осакаров ауданы, «Балалар өнер
мектебі» КМҚК); Ямковая Елена Анатольевна (Осакаров ауданы, «Балалар
өнер мектебі» КМҚК).
«Колледж және МММИ педагогы» номинациясы:
Гран-при – Аужанова Айгүл Жақсылыковна (Қарағанды қ.
«Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ).
I орын – Ашенбренер Ольга Александровна (Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі).
II орын – Токсанова Толганай Амангельдыевна (Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі).
III орын – Наумов Георгий Николаевич (Қарағанды қ.
«Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ).
«Концертмейстер» номинациясы:
Бас Жүлде – Холопайнен Елена Васильевна (Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі).
I орын – Ившина Дана Васильевна (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер
колледжі).
II орын – Тихонюк Юлия Викторовна (Теміртау қ. «№2 Балалар музыка
мектебі» КМҚК).
III орын – Шәшім Аружан Құралқызы (Қарағанды қ. «Мамандандырылған
музыка мектеп-интернаты» КММ); Сабадош Милана Андреевна (Қарағанды
қ. «№2 Балалар музыка мектебі» КМҚК, ЮНЕСКО клубы).