«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде өткен «СИҚЫРЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР: СҰЛУЛАР МЕН ҚҰБЫЖЫҚТАР» (ертегілер желісі бойынша) ӘДЕБИ КОСПЛЕЙ – ФЕСТИВАЛІНІҢ облыстық байқауының қорытындысы
2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығы» КМҚК мен ҚОББ «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ бірлесіп, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар білім алушылар арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске
асыру мақсатында, «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде өткен «СИҚЫРЛЫ
ӨЗГЕРІСТЕР: СҰЛУЛАР МЕН ҚҰБЫЖЫҚТАР» (ертегілер желісі бойынша) ӘДЕБИ
КОСПЛЕЙ – ФЕСТИВАЛІН өткізді.
Фестиваль аясында ұйымдастырушылар келесі бағыттарды қамтитын бағдарлама әзірледі:
косплей дефиле, театрландырылған қойылым, әдеби викторина, ертегілік флешмоб.
Қатысушылар тарапынан 19 кейіпкердің костюмдері ұсынылды. Олар танымал, ерекше
және қосымша атрибуттармен толықтырылған болды. Кейбір костюмдер бірегейлігімен және
дайындалу күрделілігімен ерекшеленді.
Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін Косплей дефиле кезінде
көрсетті. Бұл – қызыл кілем бойымен жүріп өту кезінде бірнеше қалыптарды қамтитын
кейіпкерлердің костюмдік көрсетілімі. Сонымен қатар әдеби кейіпкерлердің театрландырылған
қойылымдары ұсынылып, қатысушылар әдеби викторинаға белсенді қатысты.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бас жүлде – Қашуба А.А., «Ханшайым» бейнесі үшін;
I дәрежелі диплом – Сафронов И., «Қарабас-Барабас» бейнесі үшін; Гайфуллина А.Д.,
«Селена» бейнесі үшін; Словацкий Д.К., «Мальтазавр» бейнесі үшін;
II дәрежелі диплом – Талғат Н.Қ., «Құбыжық» бейнесі үшін; Джапарова К.О., «Сұлу»
бейнесі үшін; Кочетова П., «Белль» бейнесі үшін; Назаров А.А., «Құбыжық» бейнесі үшін;
III дәрежелі диплом – Жәнібек С., «Күнікей» бейнесі үшін; Қуандықов А., Амангелді М.,
«Инелік пен құмырсқа» бейнесі үшін;
«Ең үздік кейіпке ену» (бейненің жарқын ұсынылуы, костюмнің көрсетілімі және
ерекшелігі) – Александрова Е., «Күлшеқыз» бейнесі үшін;
«Ең үздік балалар косплейі» (7–10 жас аралығындағы балалар) – Қайратұлы К.,
«Құбыжық» бейнесі үшін;
«Ең үздік отбасылық косплей» (15 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналар бір тақырыптағы
костюмдермен) – Дәрібай А.Р., «Алдар Көсе» бейнесі үшін;
«Ең үздік MAKEUP – визаж бейнесі» – Арманқызы А., «Барби» бейнесі үшін;
«Original – косплей» (қатысушы өзі ойлап тапқан бейне, костюм өз қолымен дайындалған)
– Баймұрынова А.С., «Рапунцель» бейнесі үшін.





umc-ro@umckrg.gov.kz


