Қарағанды облысы өңірлерінің ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының отырысы
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен бірлесіп 2026 жылғы 21
сәуірде «Білім алушылардың шығармашылық және зерттеу құзыреттерін
дамыту- жобалау-зерттеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында отырыс
өткізді.
Отырыс барысында қатысушылар педагогикалық тәжірибелерімен және
оқытудың заманауи тәсілдерімен бөлісті:
Приозерск қаласының «№2 ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ақбота Ерболқызы Орынбасар «Short story showcase» жобасын таныстырып,
оқушылардың шығармашылық ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту
тәсілдерімен бөлісті.
Теміртау қаласындағы «№ 9 лицей» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Данияр Кунекбаевич Жанабаев «AI-Powered Platforms and Tools for Enhancing
English Teaching in Schools» баяндамасында заманауи цифрлық шешімдерді
қолдану туралы тоқталды.
Теміртау қаласындағы «Бірінші Теміртау классикалық лицейінің» ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі Уатхан Тоқтаргүл «Integrating inquiry and project-based
learning into everyday classroom practice» тақырыбын ашып, сабаққа зерттеу
тәсілдерін енгізу тәжірибесін ортаға салды.
Шет ауданының "Еркіндік жалпы білім беретін мектебі" КММ ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі Айдана Жумабаевна Хасенова "Developing students"
project and research skills as a basis for creative competence" баяндамасында
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға баса назар аударды.
Сонымен бірге, отырыс барысында педагогтер зерттеу технологияларының
(inquiry-based learning) рөлін және білім беру процесінде жасанды
интеллектті пайдалануды талқылады.





umc-ro@umckrg.gov.kz



