Әдістемелік интенсив «Құндылықтар мен инновациялар арқылы кәсіби бағдар беру»
2026 жылғы 22 сәуірде Қарағанды облысының Білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Әдістемелік INTENSIVE»
ұйымдастырды. Кездесудің тақырыбы заманауи мектепте кәсіби ортаны
қалыптастырудың негізі ретінде оқу және сыныптан тыс іс-әрекетті
интеграциялау болды.
Тәжірибе алмасу алаңы ретінде Теміртау қаласының «№9 лицей» КММ
және «№14 мектеп-лицейі» КММ таңдалды. Іс-шараға Қарағанды, Теміртау,
Шахтинск, Саран қалаларының инновациялық мектептерінің директорлары
мен директордың орынбасарлары, сондай-ақ Абай, Нұра, аудандарының
өкілдері қатысты.
Интенсивтің басты міндеті – «Адал азамат» құндылықтар
тұжырымдамасына негізделген кәсіби бағдар берудің озық тәжірибесін
тарату болды. Бағдарлама бірнеше негізгі бағыттар бойынша ұсынылды:
Пленарлық бөлім: мектеп кеңістігін оқушылардың өзін-өзі анықтауына
арналған ресурс ретінде талқылау.
Практикалық блок: микрооқыту, өтпелі кәсіби бағдар беру бойынша
шеберлік сыныптары және «Дарынды балаларға – талантты педагог»
педагогикалық идеялар көрмесі.
Шығармашылық түсіну: көркемдік ойлау арқылы кәсіби өзін-өзі
анықтау.
Кездесуді Қарағанды облысы ББД ОӘО басшысы Б.Х. Әбдікерова
ашып, мұндай диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті. Қабылдаушы
мектептердің директорлары Ш. М. Ескендірова (№9 лицей) және М. Х.
Румелиди (№14 мектеп-лицей) оқу және мектептен тыс процестерді біріктіру
арқылы дамытушы ортаны құру туралы баяндама жасады.
«STEM-мен табысқа қадам: мектеп қабырғасынан болашақ
мамандығын таңдау» шеберлік сыныбы ерекше қызығушылық тудырды. Бұл
саладағы өз тәжірибесімен А.Ж. Иманшәріпова (Астана қ. НЗМ физика
пәнінің мұғалімі) мен М. Т. Асадова («№9 лицейдің» химия пәнінің мұғалімі)
бөлісті.
«№14 мектеп-лицей» КММ базасында педагогтар «Адал азамат»
құндылықтары негізінде тәрбиелеу оқушылардың өмір жолын саналы түрде
таңдауына қалай көмектесетінін көрсетті.
Іс-шараның қорытындысы әдістемелік интенсивте ұсынылған
әдістемелердің өзектілігі мен жоғары сұранысқа ие екендігін және олардың
қолданбалы сипатын растады. Жинақталған тәжірибемен тікелей алмасу
және қатысушылардың кәсіби жақындасуы өңірдегі оқу орындары
арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың іргетасын нығайтты





umc-ro@umckrg.gov.kz









