«Үздік тәлімгер – 2026» облыстық конкурсының қорытындысы
23-04-2026 16:03
«Үздік тәлімгер – 2026» облыстық конкурсының қорытындысы

2026 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен вожатыйлар арасындағы дәстүрлі «Үздік тәлімгер – 2026» облыстық конкурсы мәресіне жетті.

Бұл дода — жас ұрпақ тәрбиесіндегі көшбасшылардың жаңашыл идеяларын паш ететін, тәлімгерлік өнердің мәртебесін биіктетіп, озық педагогикалық әдістерді ортақ игілікке айналдыратын бірегей шығармашылық алаң.

Финалдық кезеңге іріктеуден сүрінбей өткен 9 үміткер қатысып, келесі бағыттар бойынша сынға түсті:

«Визиттік карточка» (таныстыру);

«Педагогикалық жағдаяттар» (шеберлік);

«Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру.

Конкурс нәтижелері:

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:

Гран-при: Омарова Гульмира Есжановна – Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының «№5 ЖББМ» КММ.

І орын: Алдангорова Анар Бериковна – Бұқар жырау ауданы, «Қаныш Сәтбаев атындағы ЖББМ» КММ.

ІІ орын:  Жұмаш Арайлым Дариябайқызы – Ақтоғай ауданы, Сарышаған кенті, «Сарышаған кентіндегі ЖББМ» КММ;

Шулакова Алена Андреевна – Шахтинск қаласы, «Евнея Букетов атындағы ЖББМ» КММ.

ІІІ орын:  Матвеева Мария Анатольевна – Қарағанды облысының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

Конырова Венера Калиевна – Абай ауданы, «Мичуринская НОМ» КММ;

Ильяшова Гульден Шайбековна – Бұқар жырау ауданы, «С.Т. Елгизек атындағы НОМ» КММ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Конкурсқа қатысқан өзге тәлімгерлер Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарына ие болды.

БАРЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!