«Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі»: Нұра ауданында облыстық семинар өтті.
24-04-2026 16:26
«Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі»:  Нұра ауданында облыстық семинар өтті.

 

2026 жылғы 24 сәуірде Нұра ауданының «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО)» КММ базасында «Даналық мектебі – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға Қарағанды облысының аудан және қалаларынан 90 педагог, соның ішінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.

Семинар бағдарламасының негізгі бағыттар:

Танымдық блок: Қатысушылар «Дәстүрлі қолөнер — тәрбие бастауы» тақырыбындағы жобалар көрмесін тамашалап, «Жеті қазына», «Сыбаға беру» және «Асыл мұра» сияқты ұлттық мұраны ұлықтайтын жұмыстармен танысты.

Тәжірибелік блок: Секциялық жұмыстар барысында Аталар, Әжелер, Жеңгелер және Ағалар мектептерінің өнегелік сабақтары мен шеберлік сағаттары көрсетілді. Ерекше қызығушылықты жасанды интеллект (ЖИ) алгоритмдерін қолданып, ұлттық ою-өрнектерді заманауи стильде түрлендіру жобасы тудырды.

Қорытынды блок: Семинар соңында «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты театрлық қойылым ұсынылып, кең көлемдегі рефлексия кезеңі өтті.

Семинардың қорытынды бөлімінде облыстың өзге өңірлерінен келген педагогтер мен қонақтар өткізілген іс-шараның жоғары әдістемелік деңгейін атап өтіп, кері байланыс берді. Қатысушылар «Даналық мектебі» жобасын өз білім ордаларында қолдану бойынша ұсыныстар мен тың идеялармен алмасты.