CPFED Uzdik IT Ustaz олимпиадасы Республикалық кезеңі
29-04-2026 10:13
CPFED Uzdik IT Ustaz олимпиадасы Республикалық кезеңі

      2026 жылдың 27-28 сәуір күндері Астана қаласында информатика пәні мұғалімдеріне арналған спорттық бағдарламалау бойынша республикалық олимпиаданың финалдық кезеңі өтті.

Қарағанды облысынан 2 педагог республикалық кезеңге жолдама алды.

  • БұқарЖырау ауданы, «Токаревка тірек мектебі (РО)» КММ – Арцыбашев Андрей Владимирович;
  • Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ – Федоров Юрий Владимирович;

Республикалық кезеңде қола медальмен (3-орын) - Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі  Федоров Юрий Владимирович марапатталды.

Педагогтар тек жарысу үшін ғана емес, мықты IT-комьюнити қалыптастыру үшін де жиналды.

Білім беру ісін дамытуға үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!