Әдістемелік сағат: заманауи кәсіптік бағдарлау ортасын құру
29-04-2026 10:14
Әдістемелік сағат: заманауи кәсіптік бағдарлау ортасын құру

      2026 жылғы 28 сәуірде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, кәсіптік бағдар берушіпедагогтар үшін «Оқу пәндері мен сабақтан тыс қызметті интеграциялау арқылы кәсіптік бағдарлау ортасын құру» тақырыбында әдістемелік сағат өтті.

     Кездесудің негізгі мақсаты — оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстарды біріктіру арқылы бірыңғай кәсіптік бағдарлау кеңістігін қалыптастыру бойынша практикалық тәжірибе алмасу.

     Іс-шараға облыстың түрлі өңірлерінен: Балқаш, Теміртау, Саран, Приозерск, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандарының педагогтары қатысты.

     Негізгі тақырыптар мен спикерлер

Кездесу аясында мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған инновациялық тәсілдер ұсынылды:

     Бейіндік оқыту және мамандыққа жасалған алғашқы қадамдар

Ескендирова Шолпан Мынгышовна (Теміртау қаласы «№ 9 лицейі» КММ директоры),  Болбаева Парида Әбдіраманқызы (Теміртау қаласы «№ 9 лицей» КММ бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары) медициналық және педагогикалық бағыттағы сыныптарда оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру тәжірибесін баяндады.

     Ғылыми-зерттеу қызметі кәсіптік бағдарлау құралы ретінде

Савенко Анастасия Олеговна («Шахтинск технологиялық колледжі» МКҚК химия пәнінің оқытушысы) «Тәжірибеден нәтижеге дейін» бағдарламасын таныстырды. Спикер химиялық зерттеулер арқылы кәсіптік бағдарлау кеңістігін дамытуға бағытталған осы бағдарламаны іске асыру нәтижелерімен бөлісті.

     Мектептегі таңдаудан кәсіби жауапкершілікке дейінгі жол

Лоскутова Елена Викторовна (Теміртау қаласы «№ 14 мектеп-лицейі» КММ бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары) өз баяндамасында білім алушылардың болашақ мамандыққа саналы көзқарасын тәрбиелеудегі кәсіптік бағдарлау ортасының маңыздылығына назар аударды.

     Өткен әдістемелік сағат оқу пәндері мен сабақтан тыс қызметті интеграциялау оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдауға дайындаудың және оларда кәсіби жауапкершілік сезімін қалыптастырудың тиімді құралы екенін растады.