Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес 2026 жылдың 29 сәуірі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мақсатында «ББЖМ тапсырмалары: сапалы және түсінікті оқу дағдылары» тақырыбында Google Meet арқылы шеберлік сағаты өткізілді. «ББЖМ тапсырмаларындағы оқу сауаттылығын тиімді дамыту жолдары» тақырыбында Қарағанды қаласы «№ 36 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасым Гүлбаршын Медетқызы, «ББЖМ тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту: мәтінмен жұмыс стратегиялары» тақырыбында Қарағанды қаласы «№ 14 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы, «Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы сырттай бағалауға дайындау» тақырыбында Қарағанды қаласы «№27 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муханова Шолпан Тураровна өз тәжірибелерін ортаға салды.
Қатысушылар өзекті тақырып төңірегінде тиімді әдіс-тәсілдерді көріп, өз тәжірибелерінде пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар алды.





umc-ro@umckrg.gov.kz




