«Денсаулық сақтау» саласының «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі
20-04-2026 10:10
«Денсаулық сақтау» саласының «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі

      2026 жылғы 20 сәуірде ШЖҚ «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК базасында «Денсаулық сақтау» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі өтті.

      Биылғы жылы байқау мейіргер ісі саласындағы үздік арнайы пәндер оқытушылары мен сарапшылардың басын қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты — талантты педагогтерді анықтау және қолдау, кәсіптің мәртебесін арттыру және аймақтың медициналық кадрларын даярлаудағы озық тәжірибені тарату.

Байқау бағдарламасы екі күрделі кезеңнен тұрды:

1. Теориялық кезең: қатысушылар созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде пациенттерге денсаулығын өздігінен басқаруды үйрету әдістемесін меңгеру деңгейін көрсетті.

2. Практикалық кезең (3 модуль): педагогтер шынайы жағдайларға барынша жақындатылған ортада (стационар, хоспис) күрделі медициналық манипуляцияларды орындады. Байқаудың ерекшелігі тілдік құзыреттіліктерді тексеру болды: модульдер мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерінде пысықталды.

Қатысушылардың жұмысын құрамына облыстың практикалық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары кірген құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Тартысты доданың нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын— Бекова Амина Асановна, ШЖҚ «Балқаш қаласының жоғары медициналық колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын— Миннеханова Альфия Раисовна, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын— Игенова Бекзат Нурсутпаевна, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы.

Өңірлік кезеңде 1-орын алған жеңімпаз Түркістан қаласында өтетін «Денсаулық сақтау» саласының «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға құқылы.