Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Ең үздік шығармашылық жоба» облыстық байқауы
29-04-2026 10:15
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Ең үздік шығармашылық жоба» облыстық байқауы

     2026 жылғы 29 сәуірде «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында онлайн-форматта «Ең үздік шығармашылық жоба» облыстық байқауының финалдық кезеңі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК болды.

Байқау «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, сондай-ақ «Еңбегі адал – жас өрен» және «Ұшқыр ой алаңы» өңірлік жобаларын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің кәсіби белсенділігі үшін жағдай жасау және «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлау сапасын арттыру.

Байқауға қатысу үшін Қарағанды облысының 7 колледжінен студенттердің өтінімдері келіп түсті.

І (іріктеу) кезеңі аясында сараптамалық комиссия бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесін, техникалық қауіпсіздік нормаларының сақталуын және дәнекерлеу тігістерінің сапасын көрсететін бейнематериалдарға бағалау жүргізді.

ІІ (финалық) кезеңге белгіленген шекті балл жинаған барлық 7 қатысушы жіберілді. Zoom платформасында жобаларды қорғау барысында байқауға қатысушылар өз жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесін ұсынып, сарапшылардың сұрақтарына жауап берді.

Жұмыстарды бағалауды өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары мен жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы жүзеге асырды: «EZ Trade» ЖК, «Асад-Н» ЖШС және Қарағанды металл конструкциялары зауыты «Имсталькон».

Екі кезеңнің жиынтық ұпайлары бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын: «Шағын үй-жайларды жылытуға арналған үнемді оттық» жобасы үшін Гоцуляк Роберт Владимирович («Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК). 

2-орын: «Бақша әткеншегі» жобасы үшін Жанабаев Нұрдәулет Маратұлы («Б. Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК). 

3-орын: «Бақша әткеншегі» жобасы үшін Алёшин Максим Денисович («Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК).

     Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін жетекшілерге алғыс білдіреміз. Осындай байқауларды өткізу студенттердің технологиялық білімдерін жетілдіруге және жастар арасында жұмысшы біліктіліктерін танымал етуге ықпал етеді.