Размер шрифта:
«ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18-05-2026 16:31
«ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ»  БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 18 мамыр күні «Болашаққа жолдама» форумы аясында «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.

      Байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту, балаларды кәсіптік бағдарлау бойынша педагогтердің табысты жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.

Байқауға 4 номинация бойынша 18 педагог қатысты.

Қазылар алқасы байқау жұмысының критерийлерге сәйкес бағалап, төмендегі номинациялар бойынша келесі кезеңнің қатысушыларын анықтады:

«Кәсіптік бағдар беру жобасы» номинациясы:Ербол Әйгерім, «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Шахтинск қаласы;

«Кәсіби шеберлік сыныбы» номинациясы: Бирибаева Елена Николаевна, «Абай атындағы тірек (РО) мектебі» КММ Осакаровка ауданы;

«Үздік кәсіптік бағдарлау іс-шарасы» номинациясы: Зылгарина Жанар Еленовна, «Оқушылар сарайы» КММ Шахтинск қаласы; Султанбекова Гульдархан Зарлыковна, «Ш.Батталов атындағы тірек (РО) мектебі» КММ Шет ауданы;

«Мәдениет. Шығармашылық. Мамандық» номинациясы бойынша: Лоскутова Елена Викторовна, «№14 лицей-мектебі» КММ Теміртау қаласы; Тоқтаубай Мадина Қайратбекқызы, «Дарын» мамандырылған мектеп-лицей-интернатының кәсіби бағдар беруші маманы.