Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 18 мамыр күні «Болашаққа жолдама» форумы аясында «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту, балаларды кәсіптік бағдарлау бойынша педагогтердің табысты жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
Байқауға 4 номинация бойынша 18 педагог қатысты.
Қазылар алқасы байқау жұмысының критерийлерге сәйкес бағалап, төмендегі номинациялар бойынша келесі кезеңнің қатысушыларын анықтады:
«Кәсіптік бағдар беру жобасы» номинациясы:Ербол Әйгерім, «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Шахтинск қаласы;
«Кәсіби шеберлік сыныбы» номинациясы: Бирибаева Елена Николаевна, «Абай атындағы тірек (РО) мектебі» КММ Осакаровка ауданы;
«Үздік кәсіптік бағдарлау іс-шарасы» номинациясы: Зылгарина Жанар Еленовна, «Оқушылар сарайы» КММ Шахтинск қаласы; Султанбекова Гульдархан Зарлыковна, «Ш.Батталов атындағы тірек (РО) мектебі» КММ Шет ауданы;





umc.krg@karagandyedu.kz


