Анонс
20-05-2026 12:18

      2026 жылдың 20 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн режимінде «Болашаққа жолдама» аймақтық форумын өткізеді.

      Форум облыстың білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар берудің тиімділігін арттыруға және білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесуге бағытталған.

      Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін форум аясында келесі бағыттар бойынша байқаулар өтеді: «Үздік кәсіптік бағдар», «Үздік бейнефильмдер» «Жаңа мамандықтар атласы», «Оқушылардың үздік бизнес-стартап жобалары» бағыттары бойынша конкурстар, «Үздік кәсіптік бағдар беру», «Үздік бейнефильмдер» конкурсы.«Креативті ойлау» креативті индустриялар саласындағы «ACTIV CREATIVE» шығармашылық байқауы. 

      Сағат 15.00-дан 17.00-ге дейін өтетін форумның пленарлық бөлімінде кәсіптік бағдар берудің келешегі, мектеп, отбасы, кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

      Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушыларын, және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының оқытушыларын форум жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз.