Қарағанды облысында «Білім сапасы: заманауи тәсілдер, құралдар және нәтижелер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында №5 «Цифрлық ресурстар және инновациялар» пікірталас алаңы өтті.
21-05-2026 18:49
Қарағанды облысында «Білім сапасы: заманауи тәсілдер, құралдар және нәтижелер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында №5 «Цифрлық ресурстар және инновациялар» пікірталас алаңы өтті.

    Қарағанды облысында білім беру саласын цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге арналған №5 пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара «Цифрлық ресурстар және инновациялар» тақырыбында өтіп, педагогтердің тәжірибе алмасуына және заманауи білім беру үрдістерін талқылауға арналды.

      Пікірталас алаңының модераторлары:

   Сартаева Жансая Ахмедьяновна – Цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің басшысы,

    Какенбекова Анель Асылановна – Цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің әдіскері.

    Іс-шара барысында педагогтер жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдары, цифрлық сауаттылықты дамыту, информатика сабақтарында инновациялық платформаларды пайдалану және оқушылардың функционалдық дағдыларын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

   Пікірталас алаңында келесі баяндамалар ұсынылды:

– «Қарағанды облысының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу: тәжірибе, нәтижелер және келешек» – Сартаева Жансая Ахмедьяновна, Цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің басшысы, Какенбекова Анель Асылановна, Цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің әдіскері;

– «Искусственный интеллект в образовании: возможности для повышения качества знаний» – Нұрмұхамет Сабина Аянқызы, «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ информатика пәнінің мұғалімі;

– «Контекстная интеграция искусственного интеллекта в уроки информатики: от абстрактных алгоритмов к работающим прототипам как инструмент повышения качества знаний» – Хотенова Татьяна Александровна, Теміртау қаласының «№1 гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

– «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы: 5-сынып информатикасында «ақпаратты кодтау және шифрлау» тақырыбын оқыту тәжірибесі» – Сайлау Әділет Жүсіпбекұлы, Балқаш қаласы «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

– «MIT App Inventor ортасында мобильді қосымшалар әзірлеу арқылы оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру» – Елубай Гүлжазира Манатқызы, Қарағанды қ. «М.Мамыраев атындағы мектеп-интернаты» КММ информатика пәнінің мұғалімі, Оралбаева Перизат Кайржановна, Қарағанды қ. «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

– «Использование искусственного интеллекта графического редактора Canva как инструмента edtech-обучения» – Карабекова Динара Кайратқызы, Қарағанды қаласының «№73 негізгі орта мектебі» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі;

– «Развитие цифровой грамотности на уроках информатики через применение ресурсов искусственного интеллекта» – Баймагамбетова Алтынай Хамитовна, Теміртау қаласының «№20 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

– «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытудағы жасанды интеллекттің рөлі» – Аскарбаева Айгуль Бакытжановна, Қарағанды қаласының «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, білім беру процесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.