«ШЕБЕРЛІК САТЫЛАРЫ» ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ДИСТАНЦИОНДЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24-05-2016 10:58
«ШЕБЕРЛІК САТЫЛАРЫ» ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ДИСТАНЦИОНДЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    Қарағанды облысының логопедтеріне арналған «Шеберлік сатылары» презентациялардың және бейнероликтердің облыстық дистанциялық байқауы 2016 жылдың 01.04. - 25.05. аралығында өтті.

    Байқауға арнайы (түзету) білім беру ұйымдары, балалар үйлері, Қарағанды облысының 10 аймағының жалпы орта білім беретін мектептері мен  балалар бақшаларының логопедтері қатысты. Байқауға барлығы 79 жұмыс келіп түсті.

    Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Байқауға қатысқандары үшін және қызығушылық танытқандары үшін барлық  педагогтерге алғысымызды білдіреміз. Келешекте табысты бірлесе еңбек етеміз  деп үміт білдіреміз.

     Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша бөлінді: «Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының және балалар үйлерінің логопедтері, «Жалпы орта білім беретін мектептердің логопедтері», «Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың логопедтері».

     «Шеберлік сатылары» презентациялардың және бейнероликтердің облыстық дистанционды байқауының қорытындылары:

- «Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының және балалар үйлерінің логопедтері» номинациясы:

I орынСадық А.Т., «Дамуында кемістіктері бар балаларға арналған «Үміт» облыстық оңалту орталығы КММ; Сабирова А.К., «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ;

II орынТусупова Г. А., «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ; Шекк О.Ю., «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №5 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

III орынМинько Л.В.,  «Құлыншақ балалар үйі» КММ; Филипова  А. В., КГУ «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ;

- «Жалпы орта білім беретін мектептердің логопедтері» номинациясы:

  I орынКулмагамбетова К. К., «Қарағанды қаласы Жалпы білім беретін №77 мектеп – балабақша кешені» КММ; Кудрявцева Т. В.,Теміртау қаласы ЖББОМ №21 КММ;

  II орынТё Л. И., Сәтбаев қаласы №25 ЖББМ КММ; Франк Е. В., Теміртау қаласы №31 ЖББОМ КММ;  Турарова Н.Р., Қарқаралы ауданы №4 ЖББОМ КММ;

  III орынГеренг С. В., Абай ауданы  «Таңшолпан» мектеп – балабақша кешені» КММ; Кабарова И. П., Теміртау қаласы №7 ЖББОМ КММ; Гречушкина А. Н., Қарағанды қаласы №85 ЖББОМ КММ;

  - «Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың логопедтері» номинациясы:

  I орын – Балдайкенова Г. С., «Қарағанды қаласы №6 «Алданыш» балабақшасы» КМҚК; Лопаткина Л. Е., «Қарағанды қаласы «Алтын сақа» балабақшасы» КМҚК; Барташук С. В., «Қарағанды қаласы №102 «Айсулу» балабақшасы» КМҚК;

  II орын – Бугубаева Д. Д., «Қарағанды қаласы «Толағай» балабақшасы» КМҚК; Аушева И. С., «Шахтинск қаласы «Снегурочка» балабақшасы»» КМҚК; Бопишева Ж. Қ., Қарағанды қаласы ««Бәйтерек»  балабақшасы» КМҚК;

  III орын - Сафина Л. А., «Абай ауданы «Бөбек» даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы»; Артемьева Н.А., Қарағанды қаласы №53 «Алмагүл»  балабақшасы» КМҚК.

     Женімпаздардың дипломдары мен сертификаттары ҚОББД ОӘО 2016 жылғы 30-маусымнан бастап беріледі, каб. 305.