2014 жылдың 30 қазан күні Қарағанды қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде» «Ғаламшар болашағы біздің қолымызда» атты облыстық экологиялық форум өтті.
Форумға табиғи ресурс пен табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы, өкілдері, экология Департаменті, «Тұрақты дамуды қолдау» орталығы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары мен оқушылары, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, ата-аналар қоғамы қатысты.
Форумның өту барысында экологиялық тәрбиенің маңызды мәселелері қарастырылды:
1. Жастарды экологиялық тәрбиелеуге мемлекеттің қатысуы;
2. Мектепте экологиялық білім беру мәселелері;
3. Жастардың Экологиялық мәселелер мониторингісіне қатысуы;
4. Қоғамдық ұйымдардың Қарағанды облысының экологиялық мәселелерін шешудегі алатын орны;
5. Волонтерлердің экологиялық мәселелерді шешудегі алатын орны.
Бұл экологиялық форум – жергілікті атқарушы органдардың, оқытушылардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, волонтерлердің бірлесіп күш салысуына, экологиялық дамудың заңнамаларын дамыту мен қоршаған ортаға келетін зиянды әсерлерді барынша азайтуына, жаңа идеялар мен технологиялар іздестіруіне бастайтын алғашқы қадам болды.
Қатысушылар әртүрлі қызықты мектептік жобалармен танысып, мемлекеттік емес ұйымдардың жастар арасындағы экологиялық мәдениетті құруға қатысулары туралы, волонтерлердің қызметі мен экологиялық мәселелерді шешудегі алатын орындары жайында көп білді.
Өткізілген іс-шараның нәтижесі бойынша форумның қарары қабылданды.